Skip to content
Read the Holy Quran in 49 languages with translation and recitation  Start reading →
Islam Word Quran & Seerah
سُورَةُ العَلَقِ
Al-Alaq — The Clot
Surah 96 · 19 ayahs · Meccan
Full surah recitation Mishary Rashid Alafasy
0:00 0:00
بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ

Translation: Khalifah Altai

1

ٱقْرَأْ بِٱسْمِ رَبِّكَ ٱلَّذِى خَلَقَ

Ей, Мұхаммед! Оқы, жаратқан Раббыңның атымен

2

خَلَقَ ٱلْإِنسَٰنَ مِنْ عَلَقٍ

адам баласын ұйыған қаннан жаратқан

3

ٱقْرَأْ وَرَبُّكَ ٱلْأَكْرَمُ

Оқы! Әрі сенің Раббың аса Жомарт

4

ٱلَّذِى عَلَّمَ بِٱلْقَلَمِ

Ол қалам арқылы үйретті

5

عَلَّمَ ٱلْإِنسَٰنَ مَا لَمْ يَعْلَمْ

Адамға, ол білмегенді үйретті

6

كَلَّآ إِنَّ ٱلْإِنسَٰنَ لَيَطْغَىٰٓ

Жоқ, күмәнсіз, адам баласы шектен шығады

7

أَن رَّءَاهُ ٱسْتَغْنَىٰٓ

өзін бай, мұқтажсыз санағанынан

8

إِنَّ إِلَىٰ رَبِّكَ ٱلرُّجْعَىٰٓ

Ал, анығында, қайту Раббыңа

9

أَرَءَيْتَ ٱلَّذِى يَنْهَىٰ

Көрдің бе, кедергі жасағанды

10

عَبْدًا إِذَا صَلَّىٰٓ

бір құлға, ол намаз оқыған кезде

11

أَرَءَيْتَ إِن كَانَ عَلَى ٱلْهُدَىٰٓ

Айтшы, егер ол тура жолда болған болса

12

أَوْ أَمَرَ بِٱلتَّقْوَىٰٓ

немесе тақуалықты Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтануды бұйырған болса

13

أَرَءَيْتَ إِن كَذَّبَ وَتَوَلَّىٰٓ

Көрдің бе, оның өтірікке шығарғанын және теріс айналғанын

14

أَلَمْ يَعْلَم بِأَنَّ ٱللَّهَ يَرَىٰ

сонда ол Аллаһтың көріп тұрғанын білмей ме

15

كَلَّا لَئِن لَّمْ يَنتَهِ لَنَسْفَعًۢا بِٱلنَّاصِيَةِ

Жоқ, олай емес! Егер ол осылай істегенін тоқтатпаса, сөзсіз Біз кекілден ұстаймыз

16

نَاصِيَةٍۢ كَٰذِبَةٍ خَاطِئَةٍۢ

Өтірікші, біле тұра қателесуші кекілден

17

فَلْيَدْعُ نَادِيَهُۥ

Қане, шақырсын ол жақтастарын

18

سَنَدْعُ ٱلزَّبَانِيَةَ

Біз де сақшыларды шақырамыз

19

كَلَّا لَا تُطِعْهُ وَٱسْجُدْ وَٱقْتَرِب ۩

Олай емес! Ей, Мұхаммеді Сен оған бағынба. Раббыңа сәжде қыл және жақындай түс